Астанада Президент кубогы турнирі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин (әлемнің 223-ракеткасы) екінші раундқа өтті. Алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші ресейлік Евгений Тюрневті (әлемнің 756-ракеткасы) 6:2, 6:0 есебімен жеңді. Енді Кукушкин турнирдің 1/4 финалына шығу үшін жапониялық Рента Рента Токудамен ойнайды.
10 жастағы Арсланбек Айтқұлов (әлемнің 1345-ракеткасы) іріктеу сайысының финалында үндістандық Калианда Пуначеден (әлемнің 665-ракеткасы) 1:6, 3:6 есебімен жеңілді. Сонымен бірге жекелей сында Тимур Мәуленов (әлемнің 1631-ракеткасы) польшалық теннисші Филип Пеливоға (әлемнің 339-ракеткасы) 6:7 (4:7), 1:6 есебімен жол берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!