Қазақстандық, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өткен "Челленджер" турнирінің финалында ұтылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 187, осы жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен бас жүлде үшін кортқа шықты.
Дәл осы теннисшіні бір апта бұрын Литтл-Рок қаласындағы додада қазақстандық Бейбіт Жұқаев 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді.
Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин сәттірек ойнады – 7:6 (10:8).
Екінші сетте тай-брейкте америкалық спортшы еш мүмкіндік қалдырмады – 7:6 (7:0).
Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте америкалық теннисші матчты брейкпен түйіндеді – 6:4.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!