Психотерапевт Ирина Крашкина таңғы асқа таптырмайтын тағам түрін атады. Ол таңғы асқа ақуыздар мен көмірсулары бар тағамдарды жеу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Риа Новости-ге сілтеме жасап.
Дәрігер ақуыздар мен күрделі көмірсулар ми қызметін, когнитивті функцияны және концентрацияны жақсартатынын түсіндірді. Сонымен қатар, оның айтуынша, пайдалы таңғы ас қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді, қуат пен көңіл-күйдің өзгеруі қаупін азайтады.
"Бір қалыпқа келтірілген таңғы ас серотонин өндірісін жақсартады. Бұл сіздің күніңіздің сәтті өтуін қамтамасыз етеді . Дұрыс таңғы ас күніңіздің кепіліне, жұмыс режимін жақсы өткізуге көмектесетін салауатты әдетті қалыптастырады", - деп атап өтті Крашкина.
Ол сондай-ақ түрлі тағамдар – жемістер, көкөністер, ақуыздар, пайдалы майлар – таңғы асты нәрлі ететінін атап өтті. Бұл ретте дәрігер тәттілерден бас тартуға кеңес берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!