Ми жұмысына пайдалы сусын түрі белгілі болды

Ми жұмысына пайдалы сусын түрі белгілі болды
Фото: depositphotos.com

Ресейлік денсаулық сақтау басқармасының бас диетологы Антонина Стародубова какао бұршақтарынан жасалған сусынның адамға күш-қуат беретінін және көңіл-күй мен мидың жұмысын жақсартатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Стародубованың айтуынша, какао ұнтағының құрамында фосфор, темір, калий, магний, А және Е дәрумендері бар.

"Сонымен қатар, оның құрамында жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтатын полифенол антиоксиданттары бар. Какао сонымен қатар сергітетін әсерге ие, көңіл-күйді, өнімділікті және ақыл-ойдың сергектігін жақсартады", деп қосты ол.

Диетолог қара шоколад сияқты какао бұршақтары көп тағамдарды қалыпты тұтыну денсаулыққа пайдалы әсер ететініне, атап айтқанда, қан қысымын қалыпқа келтіретінін еске салды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин