- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ми жұмысын жақсартуға...
Ми жұмысын жақсартуға арналған өнім аталды
Жапониядағы ұлттық гериатрия және геронтология орталығының қызметкері Шу Чжан мидың жұмысына жақсы өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ға сілтеме жасап.
Невропатологтар Жерорта теңізі диетасы мидың жұмысына оң ықпал ететінін айтады. Алайда Чжан жапониялықтардың рационы да денсаулықты нығайтуға көмектесетінін анықтапты. Зерттеушілер күріш, балық, балдыр және ашытылған бұршақтар ми жұмысына әсер ететінін дәлелдеген.
"Дәстүрлі жапон диетасын ұстану еуропалық тамақтану стилін ұстанудан гөрі миға пайдалы болуы мүмкін. Батыс рационына тазартылған көмірсулар, майлы тағамдар кіреді", - деді Чжан.
Чжан жүргізген зерттеуге 40 пен 89 жас аралығындағы 1636 жапониялық қатысқан. 589 адам дәстүрлі жапон тағамдарын, келесі бір топ дәстүрлі еуропалық тағамдарды тұтынған.
Екі жыл бойы дәрігерлер экспериментке қатысушылардың миының атрофиясын зерттеді. Нәтиже зерттеу авторларын таңғалдырыпты: дәстүрлі жапон диетасын ұстанған әйелдерде батыс тамақтану жүйесін ұстанатындармен салыстырғанда ми атрофиясы аз болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова