- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол"...
Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" басшысы қызметінен өз еркімен кетті
Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" басшысы қызметінен өз еркімен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін жеке шешіміме сәйкес "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін аяқтадым. Екі жылға жуық уақыт ішінде әріптестеріммен бірлесе құрылысы ұзаққа созылған жолдарды қолға алып, жобаларды аяқтау үшін аянбай еңбек еттік. Үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық автожолдар желісінде жұмысы тоқтап тұрған бірде-бір жол жобасы жоқ деп сеніммен айта аламын", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Ол сонымен бірге автожол саласы Президент тарапынан да, тұрғындар тарапынан да бірнеше рет сынға ұшырағанын, алайда бұл мәселе бір күнде шешілмейтінін жазған.
"Жасыратыны жоқ, автожол саласы мемлекет басшысының тарапынан да, тұрғындарымыздың тарапынан да бірнеше рет сынға ұшырады. Жолдың мәселесі бір күнде шешілмейді. Оң өзгеріске қол жеткізу үшін жүйелі түрде жұмыстану керек. Президенттің тапсырмасына сәйкес былтырдан бері саланы реформалау үшін бірқатар шара қабылдануда. Өз тарапымыздан шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, құзыретті органдарға бірқатар ұсыныс жолдадық. Жолшының мамандығы кабинетте отырмай, үнемі құрылыс басында болуды талап етеді. Бұл қағиданы сақтадық", - деп түйіндеді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан