Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында күдікті "Покер" құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада орын жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.
Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан.
"Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!