- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мейрамхана этикеті: ең...
Мейрамхана этикеті: ең маңызды 7 ереже
Әдептілік ережелері - қазіргі қоғамдағы талғам нормалары. Бала кезімізден таныс дастарқан басында тамақпен ойнамау, ауыз толтырып сөйлемеу сияқты ережелерден басқа да әдеп нормалары бар. Tengri Lifestyle тілшісіне Lafarfor мектебінің негізін қалаушы Гүлсара Елеубаева мейрамхана этикетінің қандай ережелерін сақтау керектігі туралы айтты.
Гүлсара Елеубаеваның айтуынша, салмақты көріну үшін даяшылармен сөйлесудің бірнеше ережелерін сақтау керек:
- өзіңізді арзан тағамдармен шектемеңіз, өйткені серігіңіздің төлей алуына күмән келтіресіз. Сондай-ақ, ең қымбат тағамдарды да таңдаудың қажеті жоқ;
- даяшыны аты-жөнімен шақырыңыз. Әдетте, кештің басында мейрамхана қызметкері өзін таныстырады;
- басыңызды изеп немесе қолыңызды сәл көтеріп, даяшыны шақырыңыз. Мейрамхана қызметкерлерін дауыстап шақыру әдепсіздік болып саналады.
Фото: "Мистер Бин демалыста" фильмінің кадры
"Даяшымен сөйлескенде тағамның құрамы туралы сұраудан қорықпаңыз. Сізде аллергия болса немесе өнімді жей алмасаңыз, мейрамхана қызметкеріне ескерту керек.
Даяшыға лас ыдыстарды үстелден алып тастағаны үшін алғыс айту орынсыз. Бұл жағдайда алғысымызды үстемеақы түрінде білдірген дұрыс", - дейді сарапшы.
Гүлсара Елеубаеваның ұсынысы бойынша, экзотикалық тағам немесе үйреншікті емес тағам ұнамай қалса, наразылығыңызды білдіруге асықпаңыз. Бұзылған өнімдерді дайындаудың технологиялық процесінің бұзылуына қатысты объектив сын ғана орынды болады.
Instagram/@theenglishmannerrus
Төменде кешті өзіңізге және басқаларға бұзбаудың бірнеше кеңестері берілген.
Өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде қалыңыз
Кейде ыңғайсыз сәтте ауру пайда болуы мүмкін. Кешкі асқа қатты барғыңыз келсе де, сыртқа шықпағаныңыз жөн. Өзіңізді нашар сезіну арқылы басқа адамдарға жағымсыз әсер тудыруыңыз мүмкін, ал басқа адамға көп көңіл бөлу сізді қатты шаршатуы мүмкін.
Телефон мен кілттерді үстелге қоймаңыз
Сөмкені үстелге қоюға болмайтыны бәріне белгілі. Сол сияқты кілт пен смартфон сияқты заттарды тамақтану кезінде үстелден алып тастау керек. Біріншіден, бұл гигиенаға жатпайды. Екіншіден, телефондағы тұрақты хабарландырулар адамдарға кедергі келтіруі мүмкін.
Шығып бара жатқанда нақтылаудың қажеті жоқ
Сіз дәретханаға баруыңыз немесе қоңырауға жауап беруіңіз керек болса, жай кешірім сұрап, шығып келіңіз. "Мен шығуым керек" және "қазір келемін" деп айту дұрыс емес. Қайтып оралғаннан кейін келгеніңізді айтпастан тамақ ішіп, әңгімеңізді жалғастыра аласыз.
Тамақ жеуге тым әуес болмаңыз
Мейрамхана - бұл тамақтан ләззат алатын орын, бірақ бәрібір тамақ жеуге тым көп көңіл бөлмеңіз. Әңгіме айтып, тамақты асықпай, ләззат алып жеңіз, сусындардан дәм татыңыз, мұның бәрі нағыз рақатқа бөлейді.
Тілек айтылып жатқанда алаңдамаңыз
Құттықтау тілектері сізге айтылып жатса, онда оны ерекше назар аударып тыңдаңыз. Кейбіреулер үшін көпшілік алдында сөйлеу оңай емес. Туған күніңіз жөнсіз телефон қоңырауына жауап беру немесе алаңдаудан ақтамайды. Бұл да әдепті бұзу екенін есте сақтаңыз.
Еденнен көтермеңіз
Сіз еденге құлаған қасық-шанышқыны көтермесеңіз, онда ешкім мұны жаман әдеп деп санамайды. Сыпайы түрде даяшыдан басқасын әкелуді сұраңыз. Әдетте, құрал құлаған жерінде қалдырып кету әдепке қайшы келмейді.
Ескерту жасамаңыз
Іс-шара кезінде жағымды сәттер де, кездейсоқ жағдайлар да болады. Әңгімелесушінің тістерінде бінәрсенің тұрғанын немесе түймесінің ағытылғанын көрсеңіз, онда бұл туралы басқалардың назарын аудармай айту керек. Бірақ қайтымсыз кемшіліктерге келсек, оны байқамадым деп сөйлегеніңіз абзал.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек