Мейрамхана, дәмханада бітіру кешін өткізу, ақша жинау: министрдің өзі қатаң ескерту жасады

Қазақстанда мектеп түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты 17-18 маусымда өтеді. Бітіру кештерін тек білім беру ұйымдарында өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, министрлік оқу жылын аяқтауға байланысты іс-шаралар өткізудің бірыңғай тәртібін белгілеген.

"Мейрамханаларда, дәмханалар мен банкет залдарында бітіру кешін ұйымдастыруға, сондай-ақ, заңсыз ақша жинауға тыйым салынады", - деп ескертті ол.

Шенеуніктің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктер бітіру кештеріне байланысты бірлескен бұйрық қабылдаған.

"Әкімдіктер ішкі істер органдарымен бірлесіп, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы қажет", - деді министр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!