Мейрамбек Беспаев: “Менің нөмірімді, мекенжайымды қыздарға бермеңіздерші!“

Мейрамбек Беспаев: “Менің нөмірімді, мекенжайымды қыздарға бермеңіздерші!“
Фото: видеодан кадр

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев Мейрамбек Беспаевтың сұхбаты туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәкен Майғазиев қала күні қарсаңында Алматыға алғаш келгенде "Мейрамбек Беспаев та осы қалада тұрады ғой" деп таңғалғанын айтты. Сонымен қатар Мейрамбек Беспаевтың сол кезде газет-журналға берген сұхбатын оқығанын айтып, естелігімен бөлісті. 

"Біз бозбала болып, мұрт шығып бастаған кезде, қыздарға енді хат жазып жүргенде оның бір сұхбатын оқып едім."Өтініш, редакция, менің үй телефонымды, адресімді, мекенжайымды қыздарға бермеңіздерші" депті сұхбатында. Сол кезде мен таңғалған едім, қыздардан қашатын бұл не деген жігіт деп. Сөйтіп Алматыға алғаш келгенде "осы қалада Мейрамбек Беспаев та тұрады ғой" деген керемет бір ассоциация қалып қойды", - деді Сәкен Майғазиев. 

Еске салайық, кеше Алматы күні қарсаңында "МузАРТ" тобы "Алатау" өнер театрында концерт берген болатын. Сәкен Майғазиев концерттегі топ мүшелерінің ерекше стилін Spice Girls тобының қыздарымен салыстырған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева