- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мейрамбек Бесбаев ерекше...
Мейрамбек Бесбаев ерекше отбасылық видео жариялады
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев үйленгеніне 19 жыл толуына орай ерекше отбасылық видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші жұбайы Мархабат Бесбаевамен осыдан 19 жыл бұрын, 2004 жылы шаңырақ көтерген.
"Бүгін үйленгенімізге 19 жыл", - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әншінің отбасына тек бақыт тілеген.
"Мейрамбек үйленді деп талай қыз жылап еді", "Бірге қартайып, ұрпақтарыңның жақсылығын көріңдер", "Талай қыздың арманы болған Мейрамбек", "Бақытты болыңдар!", "Көп әйелдерге ғашық болдым, сонда да тастамағаның үшін рақмет десеңізші", "19 жыл бұрын үйленді деп есіткен едік, уақыт демде өтіп кетіпті", "Есімде сол күн… КТК телеарнасынан айтылды. Мен ботадай боздап: "Мейрамбек, неге мені күтпедііііің?" деп. Бала махаббат еді, кіршіксіз. 11-сынып түлегі едім. ЕНТ уақыты. Сізге арналған 1 қалың дәптер бар еді. Іші толған өлең жолдары. Ол дәптердің қайда қалғанын білмеймін қазір. Қазір 3 баланың анасы, аяулы жармын. Өз отбасыма тілеген жақсылықты сіздерге де тіледім. Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын, ағатай!" - деп жазған Желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтың жары әншімен қалай танысқанын әңгімелеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова