Мейрам Кожухов ресми түрде Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін әкім міндетін атқарушы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18 қаңтарда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Кожуховты таныстырды. Депутаттар бұл кандидатураны қолдаған.
Ол 1972 жылы 7 қарашада дүниеге келген. Ал еңбек жолын 1992 жылы "М.К-Люкс" ЖШС атқарушы директоры лауазымынан бастаған. Шенеунік 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
Кожухов 2001 жылдан 2005 жылға дейін Саран қаласының Мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды. 2005 жылдан 2010 жылға дейін Ақтас кентінің әкімі болды.
2010 жылдан 2018 жылға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары, ал 2018 жылдан 2022 жылға дейін Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі, 2022 жылдан бастап Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!