"Қазгидромет" Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2025 жылғы 11 қаңтарда Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде", - делінген хабарламада.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 11 қаңтарда елдің 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!