Метапневмовирустың өршуі: қазақстандықтарға дәрі-дәрмек жете ме?

"СК-Фармация" ЖШС қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры бар, мысалы, антипиретикалық препараттар, кең спектрлі бактерияға қарсы препараттар, аралас бактерияға қарсы агенттер, селективті агонистер тобынан бронходилататорлар және басқалар. Науқастар саны артып, медициналық инфрақұрылымға жүктеме артқан жағдайда бірыңғай дистрибьютор өңірлердің сұраныстарына жедел ден қоюға дайын", - деді "СК-Фармация" ЖШС өкілі.

Сондай-ақ компанияда азаматтардың денсаулығын қорғау үшін медициналық құралдармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге дайын екені айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың эпидемиологиялық жағдайы мен таралуына қатысты түсініктеме берген болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз