- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Метапневмовирус
Метапневмовирустан қалай қорғануға болады? Дәрігер жауап берді
Маска режимі Қытайда тіркелген метапневмовирустан қорғауға көмектеседі. Бұл туралы эпидемиолог Яков Новоселов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Сиб.фм-ге" сілтеме жасап.
Оның сөзінше, масканы вирустың таралуы өршіген кезеңде тастамай тағу қажет, әсіресе адам көп жиналатын жерлерде кию керек.
Сонымен қатар дәрігер қолды жиі жууға және басқа гигиеналық ережелерді сақтауға кеңес берді.
"Метапневмовирус 20 жылдан астам уақыттан бері белгілі және ЖРВИ пайда болу себебінің бірі. Бұл тұмауға, аденовирусқа және коронавирусқа ұқсас: мұрынның ағуын, тыныс алу жолдарының зақымдануын, кейде пневмонияны тудырады", - деді Яков Новоселов.
Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірген болатын.
"Менің ескі әрі сенімді әріптесім, ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы кеңес өткіздім.
Тедрос соңғы күндер мен апталарда тараған үрейлі жаңалықтарға қатысты мені сабырға шақырып, қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында жаһандық төтенше жағдай қаупі жоқ екенін растады. БАҚ-та талқыланып жатқан вирус ДДСҰ сарапшыларына жақсы таныс. Бұл вирус әдетте қыс айларында бірнеше рет тіркелген", - деп жазды Петер Сийярто.
Метапневмовирус туралы не белгілі?
Адамның метапневмовирусы (HMPV) - тыныс алу жолдарын зақымдайтын және өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінде қабынуды тудыратын вирус. Бұл вирус алғаш рет 2001 жылы Нидерландыда анықталған, алайда кейбір мәліметтер бойынша ол 1950 жылдардан бері адам арасында таралып келеді.
Қытайдағы метапневмовирус өршуі
Желтоқсан айының соңғы аптасында Қытайда адамдарда метапневмовирусының өршуі тіркелді. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасының деректеріне сәйкес, бұл вирус тұмаудан кейін екінші орынға шықты. Екі жағдайда да алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру жұқтырғандар санының өскені байқалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә