Метапневмовирустан жаңа пандемия қаупі бар ма - ДДСҰ басшысы жауап берді

ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ДДСҰ басшысының сөзін Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто Facebook-тегі жазбасында келтірді. Ол Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы сөйлескенін айтты.

"Менің ескі әрі сенімді әріптесім, ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы кеңес өткіздім. Тедрос соңғы күндер мен апталарда тараған үрейлі жаңалықтарға қатысты мені сабырға шақырып, қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында жаһандық төтенше жағдай қаупі жоқ екенін растады. БАҚ-та талқыланып жатқан вирус ДДСҰ сарапшыларына жақсы таныс. Бұл вирус әдетте қыс айларында бірнеше рет тіркелген", - деп жазды Петер Сийярто.

Метапневмовирус туралы не белгілі?

Адамның метапневмовирусы (HMPV) - тыныс алу жолдарын зақымдайтын және өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінде қабынуды тудыратын вирус. Бұл вирус алғаш рет 2001 жылы Нидерландыда анықталған, алайда кейбір мәліметтер бойынша ол 1950-жылдардан бері адам арасында таралып келеді.

Қытайдағы метапневмовирус өршуі

Желтоқсан айының соңғы аптасында Қытайда адамның метапневмовирусының өршуі тіркелді. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасының деректеріне сәйкес, бұл вирус тұмаудан кейін екінші орынға шықты. Екі жағдайда да алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру жұқтырғандар санының өскені байқалған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!