Металл арматура тесіп өткен: 71 жастағы зейнеткер таңғажайып жағдайда құтқарылды

Алматыда 71 жастағы науқас ауыр жарақатпен орталық қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам ағаштан металл арматураға құлаған, арматура ер адамның бөксе тұсынан кіндігіне дейін өткен.

"Дәрігерлер дереу тексеріп, алдыңғы қабырғаның тесілген жарақаты деген диагноз қойды. Сол жақ несепағар тесігінің зақымдануынан қуықтың перфорациялық жарақаты, сол жақ бөксенің пышақ жарақаты деген диагноздар да қойылды", - деп жазылған Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Науқастың жағдай өте ауыр болған, ол шұғыл отаны қажет еткен.

Уролог Әлімжан Мықтыбайұлы бастаған аурухана мамандары мен хирургтер шұғыл түрде диагностикалық лапаротомия жасап, жыртылған қуықты тігіп, эпицистостомия жүргізген.

71 жастағы адамды құтқаруға бағытталған іс-шаралар екі сағаттан аса уақытқа созылып, сәтті аяқталған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!