"Астана Опера" труппасы "Дубай Опера" сахнасындағы гастрольдік өнер көрсету кезінде өзінің бірегей дарынымен және кәсібилігімен дубайлық көрермендерді таңғалдырды. Елордалық театрдың туры нағыз мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар қазақстандық өнерді шетелде ілгерілетудің маңызды қадамына айналды. Гастроль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
"Астана Операның" "Дубай Операдағы" өнер көрсетуіқарсаңындағы ғажайып әртістер келмей тұрып басталған еді. Әсемдігімен таңғалдыратын "Щелкунчик" спектаклінің костюмдері мен декорациялары теңіз арқылы саяхатқааттанып, белгіленген жерге орындаушылардан бұрын жеткен болатын. Олар ғажайып ертегі басталатынын бірінші болып хабарлап, "Дубай Операны" сахнада ашылуға дайын тұрған қайталанбас хикая атмосферасына бөледі.
Гастрольдік бағдарлама 13 желтоқсанда "Дубай Операның" ұсынысы бойынша "Астана Опера" Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуіндегі Dubai Festival Chorus ұжымының Г.Ф.Гендельдің "Мессия" ораториясын орындауымен ашылды, бұл өнер көрсетуге дирижер Роб Джонстон жетекшілік етті. "Мессия" ұлы музыкалық туынды әрі барокко дәуірінде дүниеге келген үздік шығармалардың бірі саналады.Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның шығармашылық ұжымдарының бірлескен орындауы залды үйлесімділік пен шаттыққа толтырып,қуатты эмоционалдық резонанс туғызды. Қос елдің осынау жобамен атап өтілген шығармашылық әріптестігі музыкалық салтанат болып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ өнерін керемет кеште біріктірген мәдени көпірге айналды. Кеш көрермендерге ұмытылмас естелік қалдырды.
"Мен Dubai Festival Chorus ұжымымен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келемін. Г.Ф.Гендельдің"Мессия" жобасында "Астана Опера" Симфониялық оркестрімен тамаша әріптестік орын алды. Мұндай ауқымды туындыны аз ғана уақыттың ішінде бірге жинау өте күрделі шаруа, әлбетте, қазақстандық оркестр бұл міндетті абыроймен атқарып шықты", - деді маэстро Роб Джонстон музыканттардың орындаушылық шеберліктеріне баға бере отырып.
Гастрольдік өнер көрсету эстафетасын көркемдік жетекшісі әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратова болып табылатын балет труппасы қабылдады. Әртістер үш күн бойы, яғни 15 желтоқсан кешкі спектакльде, 16-17 желтоқсан таңғы және кешкі спектакльдерде шебер өнер көрсетті.
П.И.Чайковскийдің кемеңгер музыкасының мәнерлілігі мен тереңдігін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі "Астана Опера" Симфониялық оркестрі тамаша жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!