Месси мен Ямаль әлем кубогы үшін таласады: финалды қайдан көруге болады

Месси мен Ямаль әлем кубогы үшін таласады: финалды қайдан көруге болады
Фото: actionsports/thenews2.com/depositphotos.com

19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі. Бұл матчтың басты интригасы – Лионель Месси мен Ламин Ямальдың текетіресі. Месси екінші мәрте әлем чемпионы атануға ұмтылса, Ямаль мансабындағы алғашқы әлем кубогын жеңіп алуға мүмкіндік алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финал АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан MetLife Stadium аренасында өтеді.

Матч Қазақстан уақытымен 20 шілде күні сағат 00:00-де басталады.

Кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналардың тікелей эфирінен, сондай-ақ ресми сайттарынан көруге болады.

ӘЧ-2026 кубогы үшін Месси Ямальға қарсы

Аргентина мен Испания құрамалары әлем чемпионатында осыған дейін бір-ақ рет – 1966 жылғы мундиальда кездескен. Сол жолы топтық кезеңде аргентиналықтар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Испанияны плей-оффқа жібермеген.

Одан кейін екі құрама тек жолдастық кездесулерде алты рет жолықты.

  • 1995 жыл, 20 қыркүйек: Испания – Аргентина – 2:1;
  • 1999 жыл, 17 қараша: Испания – Аргентина – 0:2;
  • 2006 жыл, 12 қазан: Испания – Аргентина – 2:1;
  • 2009 жыл, 14 қараша: Испания – Аргентина – 2:1;
  • 2010 жыл, 7 қыркүйек: Аргентина – Испания – 4:1;
  • 2018 жыл, 27 наурыз: Испания – Аргентина – 6:1.

Командалар финалға қалай жетті?

Аргентина топтық кезеңде Алжирді (3:0), Австрияны (2:0) және Иорданияны (3:1) жеңіп, J тобында бірінші орын алды.

Плей-оффта аргентиналықтар 120 минутқа созылған кездесуде Кабо-Вердені (3:2), кейін Мысырды (3:2), ширек финалда Швейцарияны (3:1), ал жартылай финалда Англияны (2:1) жеңіп, финалға шықты.

Испания топтық кезеңде Кабо-Вердемен тең түсіп, кейін Сауд Арабиясы мен Уругвайды жеңіп, H тобында көш бастады.

Плей-оффта испандықтар Австрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1) және жартылай финалда Францияны (2:0) ұтып, финалға жолдама алды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FIFA World Cup (@fifaworldcup) жариялаған жазба

Еске салайық, үшінші орын үшін өткен матчта Англия Францияны 6:4 есебімен жеңді.

Сол кездесуде Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

Бұған дейін Лионель Месси Испанияға қарсы өтетін финал туралы пікір білдіріп, әлеуметтік желіде кең тараған – бір жасар Ламин Ямальды шомылдырып тұрған фотосына да қатысты ойын айтқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget