Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" капитаны Лионель Месси MLS тұрақты чемпионатында "Филадельфия Юнионға" қарсы өткен матчтан кейін айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лиганың ресми сайтының мәліметінше, Месси мен оның командаласы Ян Фрейге айыппұл салынған. Оның нақты мөлшері жарияланған жоқ. Аргентиналық футболшы қарсыласының бетінен ұрғаны үшін, ал оның командаласы матч аяғындағы арандатушылық әрекеті үшін жазаланған.
"MLS тәртіптік комитеті "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Мессиге 19 тамызда "Филадельфия Юнионға" қарсы матчтің 101-минутында қарсыласының беті, басы немесе мойын тұсынан қолмен ұруға қатысты лига ережесін бұзғаны үшін көлемі жарияланбаған айыппұл салды", — делінген мәлімдемеде.
Месси сәрсенбі күні кешке Филадельфия ойыншысы Куинн Салливанмен сөзге келіп қалып, оның желкесінен шапалақпен ұрғаны үшін MLS тарапынан көлемі айтылмаған айыппұлмен жазаланды. pic.twitter.com/GpC28P2vbw
— ESPN FC (@ESPNFC) 22 тамыз, 2026 жыл
НАҒЫЗ БАУЫРМАЛДЫҚ🤜💢😡 Каван Салливан БАУЫРЫН қорғау үшін төбелеске араласты! Месси төрешіге наразылық білдіргеннен кейін, ол Каван Салливан мен "Интер Майами" ойыншысы Брайтқа ҚЫЗЫЛ ҚАҒАЗ көрсетті pic.twitter.com/Y1Q9Ep25s7
— Jaysown (@jaysowngt) August 20, 2026
Айта кетейік, матч 2:2 есебімен аяқталды. 39 жастағы аргентиналық футболшы футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін MLS тұрақты чемпионатында алғаш рет гол соқты.
Голдан кейін Месси қолын жоғары көтеріп, бір саусағын аспанға нұсқады. Көпшілік бұл ишараны футболшының бірнеше апта бұрын көз жұмған әкесіне арнаған белгісі деп қабылдады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Лионель Месси әкесінің қазасынан кейін қатарға тез оралды
8 тамызда Лионель Мессидің әкесі Хорхенің 69 жасында қайтыс болғаны белгілі болды. Ол кейінгі жылдары ауыр дертпен күресіп, тіпті әлем чемпионатына да бара алмаған.
Сол күні Месси АҚШ-тан Аргентинаға жерлеу рәсіміне ұшып кетті. Алайда 13 тамызда қайтадан алаңға шықты. Ойынға бірнеше сағат қалғанда Лионель әкесіне арнап әсерлі жазба жариялаған еді.
"Филадельфияға" қарсы кездесу Мессидің әкесінен айырылғаннан кейінгі үшінші матчі болды. Бұған дейін ол "Нэшвиллге" қарсы ойында пенальтиді голға айналдыра алмады, бірақ нәтижелі пас берді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz