MLS плей-офф кезеңінің алғашқы матчінде Лионель Мессидің басы дауға қалды. "Интер Майами" капитаны сары қағаз алып, оның командасы 0:3 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Матч барысында, есеп 0:1 болып тұрғанда, "Коламбус Крю" шабуылшысы Гонсало Тапия Мессидің допты бүйір сызықтан ойынға қосуына кедергі келтірген соң, аргентиналық жұлдыз эмоцияға ерік берді.
Аргентиналық футболшы допты қарсыласының бетіне лақтырып жіберді, содан кейін ол көгалға құлады. Төреші екі футболшыны да сары қағазбен жазалады.
Лионель Месси допты Гонсало Тапияның бетіне лақтырды https://t.co/jX3tTuojHe
— Том Богерт (@tombogert) 22 қараша, 2026 жыл
Тұтастай алғанда, матч "Интер Майами" үшін сәтсіз болды. Мессидің командасы 0:3 есебімен есе жіберіп, MLS плей-офф кезеңінің басында жанкүйерлерін қуанта алмады.
Енді Мессидің командасына 27 қарашада қонақта өтетін қарымта кездесуде жеңіске жету қажет. Әйтпесе, команда турнирдің 1/8 финал кезеңінде жарыс жолынан шығып қалады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz