Лионель Месси доп тебетін "Интер Майами" клубы Лига Кубогының финалында Нэшвиллді жеңді. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында Аргентиналық аяқдопшының командасы 10:9 есебімен басым түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ал негізгі уақытта Месси мергендігімен көзге түсті. Бұл өзінің жаңа командасы үшін 10-ыншы голы болатын. Осылайша, Лео жаңа командасы сапында өзінің кезекті кубогын жеңіп алды. Алайда, бұл "Интер Майами" тарихындағы алғашқы жеңіс болатын.
Жалпы алғанда, аргентиналық үшін бұл кубок клубтық турнирлер мен ұлттық құрамалар деңгейінде 44-ші трофей болатын. Бұл көрсеткіш бойынша ол мансабын аяқтаған бразилиялық қорғаушы Дани Альвесті жеңіп, бірінші орынға шықты.
Айта кетейік, Месси 35 титулды Барселонамен, 5-ін Аргентина құрамасымен, 3-ін Пари Сен-Жерменмен, енді 1 - ін Интер Майамимен жеңіп алды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!