Месси әкесін ақтық сапарға шығарып салу үшін Аргентинаға келді

Месси әкесін ақтық сапарға шығарып салу үшін Аргентинаға келді
Фото: Видео кадры

Аргентина құрамасы мен америкалық "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси жақында қайтыс болған әкесімен қоштасу үшін Аргентинаға ұшып келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лионель Месси сенбіде кешке Майамиден (АҚШ) жеке ұшағымен жұбайы Антонелла Роккуццо және балаларымен бірге Росариоға (Аргентина) келді. Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, ол кеше қайтыс болған әкесі Хорхе Мессимен қоштасудың жеке рәсіміне бет алған.

Мессидің әкесі 68 жасында өмірден озды

Бұған дейін Хорхе Мессидің 7 тамызда сағат 22:00 шамасында Росарио клиникаларының бірінде көз жұмғаны белгілі болды. Кейінгі жылдары ол ұзаққа созылған аурумен күресіп келген еді.

Хорхе болашақ әлемдік жұлдыздың қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Лионель бала кезінде қымбат емге мұқтаж болғанда, ұлының футболдағы мансабын жалғастыра алуы үшін мүмкіндіктер іздеген дәл осы әкесі болатын.

Хорхе Месси Селия Куччиттинимен некеде болған. Ерлі-зайыптының Лионель, Родриго, Матиас және Мария Соль есімді төрт баласы бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget