28 маусымда таңертең Аргентина құрамасы J тобының қорытынды турында Иордания командасын жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Месси Иорданиямен өткен матчте ӘЧ-дегі голдар саны бойынша рекорд жаңартты.
Командалар арасындағы кездесу "Эй-ти-энд-ти" стадионында (Техас, АҚШ) өтті.
Еске салайық, бұған дейін аргентиналықтар Алжирді ойсырата жеңіп, Аустриядан да басым түскен болатын.
Өз кезегінде Иордания екі матчте Австрия мен Алжирден жеңіліп, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді.
Ойын барысы
Аргентина матчтегі есепті 19-минутта ашты, жартылай қорғаушы Джовани Ло Селсо айып соққысынан көзге түсті.
31-минутта аргентиналықтар пенальти тебу құқығына ие болып, оны шабуылшы Лаутаро Мартинес сәтті орындады.
Екінші таймның 55-минутында иорданиялықтар бір гол қайтарды. Шабуылшы Муса Тамари қақпаның төменгі бұрышына соққы жасап, мүмкіндікті мүлт жібермеді.
80-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан шабуылшы Лионель Месси айып соққысымен әлем чемпионаттарындағы 19-шы голын соқты.
Матчтің қорытынды есебі — 1:3, Аргентина құрамасы жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Осылайша, Аргентина құрамасы топта бірінші орын алып, 1/16 финалға жолдама алды.
Параллель өткен матчте Алжир мен Аустрия 3:3 есебімен тең түсті. Аустриялықтар екінші орын иеленсе, алжирліктер үшінші орынға тұрақтады, бірақ олар да плей-офф кезеңіне өтті.

Фото: flashscorekz.com
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz