Мессенджерлерде Қорғаныс министрінің атынан жалған ақпарат тарап жатыр

Мессенджерлерде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың атынан жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.

"Мессенджерлерде ҚР Қорғаныс министрінің атынан жалған мәліметтерді қамтитын ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратты интернет-алаяқтар жіберетінін ескертеміз", - делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарға жалған ақпарат көздеріне сенбеуді ескертті.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!