- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мессенджерлерде Антикор символикасы...
Мессенджерлерде Антикор символикасы бар жалған құжаттар тарап жатыр
Антикор мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және тағы басқа) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап және жолдап жатыр.
Фото: t.me/antikornews
"Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз. Егер сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-ботына шұғыл хабарлаңыз", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан