- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мешіттердегі қаржылық ашықтықты...
"Мешіттердегі қаржылық ашықтықты қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті
Түркістан облысында "Мешіттердегі қаржылық ашықтықты қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті. Оған облысқа қарасты қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары мен іс-басқарушылары "Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи" орталық мешітінде бас қосып, Бас Мүфтидің тапсырмасын жан-жақты талқылады, - деп хабарлайды ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысы бойынша өкіл имам Мұсабек қажы Ақтамберді семинардың күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жиын барысында өкілдікке жүктелген міндеттерді орындайтын бөлімдер құрылып, жауапты қызметкерлер бекітілді.
Сондай-ақ, ЖАНТ, ИБЖИИ, ағым өкілдерімен күрес бөліміне жауапты облыстың наиб-имамы Омар қажы Елеуұлы мен Сүлеймен Моллатілеуұлы болашаққа белгіленген бағыт-бағдарлардан хабардар етті.
"Мешіттердегі қаржылық ашықтылықты қалыптастыру" жобасымен таныстырған облыстық мешіттің іс басқарушысы Мұстафа Қалжанұлы келешекте жарты жылда бір рет жамағатқа есеп берілуі керектігін, бұл ашықтылықты қалыптастырудағы бірден-бір жол екендігін атап өтті.
Семинар соңында өкіл имам бірнеше нақты тапсырмаларды тізіп, жиналғандарға ел мен дін үшін жұмыла жұмыс істеу керектігін баса айтты.
О. Сансызбай