Талғар ауданында шілдеде жоғалып кеткен 46 жастағы ер адам Алматыда өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәмбетов Асқар Абдужалилович 14 шілдеде Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 11:30-да Бердығұлов көшесі, 18 а мекенжайында орналасқан орталық мешіттен шыққан.
Куәгерлердің айтуынша, содан кейін ер адамды аялдамада көрген, ол №54 автобусқа мініп, Алматыға бет алған. Содан бері оның қайда екені белгісіз болған.
Бұған дейін ер адам қаланы білмейтіні және психикалық ауруы бар екені хабарланған еді.
Еріктілердің ақпаратына сүйенсек, жоғалған адамның денесі 14 тамызда табылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова