- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мешітте ұрлық жасаған...
Мешітте ұрлық жасаған тараздық тұрғын ұсталды
11 қазан күні орталық мешітте белгісіз адам келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, 45 жастағы азаматтың ілулі тұрған күртешесінің қалтасынан құны 250 мың теңге тұратын Oppo 7 телефонын және оның 29 жастағы досының 570 мың теңгелік iPhone 13 телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарды қалта ұрлығының қаупін ескере отырып, қоғамдық орындарда қырағы болуға шақырады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан