- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мешітте намаз уақытында...
Мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Фото:
Polisia.kz
Нұр-Сұлтанда Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
22 жастағы мигрант елордаға маусымның соңында келіп, мешітте ұрлық жасаған. Шетелдік азаматтың ұрлықтың алты жайтына қатысы бар, ұрланғандардың ішінде ақша мен ұялы телефондар болған.
Күдікті жасаған қылмыстары бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Бұл қылмысқа қатысты бейнетаспалардан оның ұяшықтардан келушілердің сөмкелерін алып, ұрлық жасағанын көруге болады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Жігіт кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіледі.
Бұл дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Е. Төлеш