Астанада 18 жастағы тұрғын кешкі намаз уақытында мешіттен "iPhone 13рro max" ұялы телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телефон ұрлады деген күдікпен елорданың 18 жастағы тұрғынын ұстады.
"Тергеу барысында ер адамның кешкі намаз уақытында қаладағы мешіттердің бірінде "iPhone 13рro max" маркалы ұялы телефонды байқап, жымқырып кеткендігі белгілі болды. Жәбірленушінің назары басқа жақта болған сәтті пайдаланып, ер адам телефонды жасырын ұрлап, мешіттен шығып кеткен. Келтірілген шығын 700 мың теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын сотталған жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!