Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 22 адамға 4,5 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Аудан прокуратурасы мамандарды тарта отырып жалпы білім беру мекемелерінің қызметінде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізген.
"Тексеру барысында білім алушылар санының мектептің жобалық сыйымдылығынан асып кетуі, сыныптардың толып кетуі, ауысымдар арасындағы үзіліс уақытының, оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығының сақталмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану мен сақтау, сыныптардағы температуралық режимнің бұзылуы, мектеп үй-жайларының (сыныптар, рекреациялар, баспалдақ ойықтары, санитарлық тораптар және т.б.) сәйкес келмеуінен көрініс тапқан көптеген заңбұзушылықтар санитарлық ережелерге, калориялығы бойынша дайын тағамдарға, жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітапшалардың болмауына және т.б. анықталды", - делінген хабарламада.
ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша 22 адамға 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны айтылды.
Білім беру нысандарында қабылданған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған заңбұзушылықтар жойылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!