Меруерт Түсіпбаева Төреғали Төреәліге қатысты пікір білдірді

Меруерт Түсіпбаева Төреғали Төреәліге қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жақында басы дауға қалған Төреғали Төреәліге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

”Өнердің жолы ауыр жол” деп текке айтылмаған шығар…. Ал қазақтар неге көбіне сүрінгенге, жығылғанға жабыла кетеді?! Қуанып табалай кетеді?! Бала өсіріп отырған әрбір жан, бір сәтке ойланайық…. Баланың кіндігі кесілген сәттен-ақ. Оның маңдайына жазылған жеке тағдыры, өз мінезі болады… Әрбір есті ата-ана балам менен ассын, абыройлы болсын деп тілейді… Сөгіп жатқандарға айтарым сол! Өз отбасыңызға ие болсаңыз болды ғой… Сізді алда не күтіп тұр?! Ол - жұмбақ…  p.s. Менің пікірім - өз пікірім, Сіздің пікіріңіз - өз пікіріңіз…. Келісу шарт емес", - деп жазған ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған еді. 

Алматының полиция департаменті мәліметінше, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. (Уикипедиядағы мәлімет бойынша, Төреғали Төреәлінің тегі - Әлиханов) есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқан.

"Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екені белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.

Кейін полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек