Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева сұлулығы өзін бақытты ете алмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы YouTube-тегі The suhbat бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Ғабит Мүсіреповтің "Сұлу әйелді ит те қаппайды" дейді. Сұлулықты ит те түсінеді. Сізді "Ит қапқан" кездері болды ма?" деп сұрады.
Әнші бірден "Әрине" деп жауап берді.
"Талай жылдар бойы бір адамға ғашық болдым" деп хат жаздым ғой. Пост болды ғой. Менің сұлулығым мені бақытты етті деп айта алмаймын. Сұлулық адамды бақытсыз ететін сәттер болады деп айта аламын. Сұлу болу деген бақытқа бір қадам басу деген сөз емес. Сұлу әйел де бақытсыз бола береді. Кейде сұлулығы жоқ адамдар бақытты болып жүреді. Білмеймін", - деді Меруерт Түсіпбаева.
Ол сонымен бірге өзінің шалыс басқан кездері де, өз жүрегін жаралаған кездері де болғанын айтты.
Айта кетейік, The suhbat - әзілге құрылған сұхбат.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз