- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Меруерт Түсіпбаева сұлу...
Меруерт Түсіпбаева сұлу болып көріну үшін қандай ота жасатқанын айтты
Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева "Иірім" бағдарламасында бетіне қандай ота түрлерін жасатқаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама жүргізушісі бұрын пластикалық операция жасату ұят нәрсе болып саналғанымен, соңғы жылдары сәнге айналғанын айтты. Меруерт Түсіпбаева да сұлу әрі жас болып көріну үшін қандай қадамдарға баратынын жайып салды.
"Кейбір әйелдер ешнәрсе жасатпаған дұрыс деп ойлайды ғой. "Мен түк істемедім" деп мойындамайтындар да бар. Мен бәрін жасатып көрдім. Қазір де Құдай қаласа бір-екі жылдың ішінде бетімді толықтай кестіріп, мына екі жағымды тартқызбақпын. Оның барлығы қазір ашық айтылады. Неге айтпасқа?", - деді әнші.
Сонымен қатар Меруерт Түсіпбаева 42 жасында блефаропластика жасатқанын айтып өтті.
Әнші артық салмағы бар әйелдерге сын көзбен қарайтынын да жасырмады.
"Қазір айтсам, маған ашуланатын шығар, негізі толық адамдарды жек көремін. Кейбірінің денсаулығы жоқ шығар, сондықтан алдын ала кешірім сұраймын. Дегенмен қалай болғанда да әйел болсын, еркек болсын, өз салмағына қарау керек қой. Түсінемін, 50-ден асқан соң барлық әйелде физиологиялық өзгеріс болады, сол кезде адамның салмағы құбылып тұрады. Иә, түсінемін, денсаулыққа да байланысты болуы мүмкін", - деді ол сұхбатында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева