Әнші Меруерт Түсіпбаева отбасыдағы жанжалға әйелдерді кінәлаған депутатқа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің инстаграм парақшасында мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың сөзіне қатысты пікір білдірді.
"Бүгін, баламның емтихандары болды, сол үшін Варшаваны жаяу 4 сағат араладым, 25 мың қадам жасап, шопинг/продукты алдым…. Жаяу жүргенде миыңа сансыз ойлар келеді…. Өзімнен өзім, қазақтың қыздары неткен мықты деп ойладым ….
Отбасында, көбінесе қазақтар қыздарын басып өсіреді…. #қой, #ұятболады, өйтпе-бүйтпе деп, ұрсады/жұмысқа салады (өз өмірімнен) нұқиды-шұқиды…. Негізі, қатты ұстайды …. Сосын, оқығаны оқып, күйеуге шығады….
Ол жерде, аждаhaлар дайын, ЕНЕ, ( енесінің сіңілі- әпкелері) атасы, қайынсіңілілері және өз күйеуі…. Ол нормальный адам деп есептейік ( ішкіш, игроман, жүргіш , наркоман, жатыпішер-тунеядец болмағанда) Енді, әйелдің өз отбасындағыдан бетер өмір басталады - отыр/ тұр, жина / сыпыр , неге мынау былай, неге анау солай!! Психикаға қысым түседі. Ол байқұс қыз бөтен жерге келді, ол да стресс, уйренсін 1-2 жыл деп ешкім күтпейді!!
Одан бала туады, жұмыс одан сайын көбейеді…. Енді, келін, ана, жар , өз ата - анасына да қарайлайды, жұмысы бар ( көбі , ерігіп уйде отырмайды еркекпен қатарласып жұмыс жасайды ғой) жұмыстан керегін арқалап келіп, тынбай уй жұмысын жасайды…. Сонда да ешкімге жақпайды…. Менің көп таныс құрбыларымның өмірі осы…. Өздеріне де қарайды, бала-шағаны да өсіріп тәрбиелейді…. Бір жүрген роботтар, аман болыңдар қазақтың МЫҚТЫ қыздары.
Ал депутат мырза, сіз осылай осы режимде бір күн өмір сүрсеңіз, үндемейтін едіңіз. Айтуға оңай. Және бұл бер жағы ғана! Қыз кезінде бәрі жақсы…. Жаман әйел қайдан шығады?! Қыздар?? Солай ма?", - деп жазды әнші.
Еске салайық, мәжіліс депутаты Анас Баққожаев "отбасындағы жанжал тілі ұзын әйелден шығады, сондықтан ерлерді де түсіну керек" деп мәлімдеген болатын.