Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің жаңа үйіне қанша қаражат кеткенін айтты. 16-рет баспана ауыстырған өнер иесі кең сарайын "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл үйді өз ойындағыдай жасағанын жеткізді.
© видеоскрин
"Жалғыз өзім тұрамын ғой, енді балам шетелде. Бір уақытта мен 300 шаршы метрден асатын үй алғанмын, өкінішке қарай, ол үйде тұра алмадық. Бірақ адам есейгеннен кейін бәрібір жерде тұрғысы келеді екен. Сосын осы үйді көріп, ұнатып сатып алдым. Алматыда тұрғалы осы 16-үйім",- дейді әнші.
Әнші қанша үй ауыстырып, құрылыс жасаса да осы соңғы сатып алған үйі өзіне қатты ұнайтынын айтты.
"Осыған дейін барлық үйге өзім жөндеу жұмысын жасағанмын. Қазіргі үйім 100 шаршы метр үй және 27 шаршы метр терасса. Осы үйді сатып алған кезде суретін ұлыма жібердім. Ұлыма да қатты ұнады. Дегенмен ұлымның өзінің үйі болғандықтан мен бұл үйді өз қалауымдағыдай жасадым. Ешкімді тыңдаған жоқпын, ақшаны да аяған жоқпын. Сатып алу, жиһаз, құрылыс жұмыстарын қоса есептегенде 100 миллион теңге кетті",- дейді өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің бұрынғы күйеуі туралы ашыла айтқанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!