- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мерейді осы үйден...
"Мерейді осы үйден ұзатамын" дейтін". Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің бөлмесін көрсетті
Фото:
әлеуметтік желі
Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің бөлмесін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алып, оған құран бағыштады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әнші жақындарының басын қосып, Заманбек Нұрқаділовтің бөлмесі мен жеке заттарын көрсетті.
"Зәкең отырған орындығы, ойнаған бильярды, жатқан төсегі, портреттері бәрі сол қалпында қалды. Зәкеннің дүниесін мүлдем қолданып жатқан жоқпыз. Бәрі сол қалпында қалды. Ол кісінің алған барлық затын сақтап отырмыз. Осы үйге 2001 жылы кіргенбіз. 2002 жылы Мерейді бауырымызға бастық. Осы үйді Мерейге деп атаған. "Мерейді осы үйден ұзатамын" дейтін", - деді Жүнісова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек