Дәрігерлер мерекелік дастарқанда астан уланып қалудан қалай сақтануға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мейрамын жаппай тойлау күндері дастарқанда әртүрлі тағамдар – наурыз көже, сүтті сусындар, ет өнімдері, тез бұзылатын өнімдерге жататын салаттар мол болатынын атап өтті.
Министрлік мерзімі өткен немесе өңделмеген өнімдерді тұтынумен байланысты тамақтан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын еске салды.
Уланудың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:
Сонымен қатар, іс-шараларды ұйымдастырушылар мен мекеме иелеріне де ұсыныстар берілді. Оларға рұқсат құжатын (санитарлық-эпидемиологиялық сәйкестік қорытындысы) алу, медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жібермеу, уақытында медициналық тексерулерден өткізу, тиісті жағдайлар болмаған жағдайда және ғимарат аумағы жеткіліксіз болған кезде тағам түрлерін азайту, өнімдерді сақтау мерзімдерін сақтау ұсынылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз