Мерекеде ХҚКО мен МХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мереке күндеріне арналған кестені жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.

"10 мамыр, яғни сенбі - кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады", - деп жазылған хабарламада.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін мемлекеттік корпорацияның ресми парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!