Мерекеде ауа райы қандай болады?

Мерекеде ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 24, 25, 26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалың қар жауады

Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, 24, 26 қазанда Қарағанды облысында қар жауады. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады. Батыста, солтүстік-батыста, Ұлытау облысында жауын-шашын жаумайды.

Республика бойынша тұман түседі. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады.

Ауа температурасы

  • Батыста күндіз ауа температурасы +11…+18 градус болады.
  • Солтүстікте түнде ауа температурасы -4…-10 градустан 0…+5 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз +2…+7 градустан +6…+11 градусқа дейін аздап құбылады.
  • Орталықта түнде ауа температурасы -2…-10 градус болады, күндіз 0…+5 градустан +5…+12 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды.
  • Шығыста түнде ауа температурасы -5…-10 градус, облыстың таулы жерлерінде -13…-18 градус болады. Күндіз -5…+5 градус аралығында болады деп болжанып отыр.
  • Оңтүстікте күндіз ауа температурасы +8…+15 градус болады.
  • Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +2…+7 градустан +6…+12 градусқа дейін аздап жоғарылайды, таулы жерлерде -1…-6 градус болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget