Мерекеде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 16, 17, 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Циклонның әсері

Циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады.

Республика бойынша желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.

Ауа температурасы

  • Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 градус аяздан 3-13 градус аязға дейін, күндіз 0-15 градус аяздан 3 градус аяз - 5 градус жылыға дейін ауытқиды.
  • Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде 7-15 градус аяздан 12-28 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 градус аяздан 8-18 градус аязға дейін өзгереді.
  • Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3-11 градус аяздан 5-20 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 5 градус аяз - 2 градус жылыдан 1-13 градус аязға дейін өзгереді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!