Қазгидромет 1, 2, 3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағынан атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақыттарды тұман түседі.
Өңірлер бойынша болжам
- Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы жерлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
- 2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ та жаууы мүмкін.
- Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік жүреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова