• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Мерекеде ауа райы қандай болады?

Мерекеде ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 20, 21, 22 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Солтүстік өңірлерге суық антициклон ығыса бастайды. 21 наурызда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді.

"22 наурызда солтүстік аймақтарда жауын-шашын тоқтап, түнде 5-10 градус аяз болады", - деп жазылған хабарламада.

Антициклон Қазақстанның оңтүстігіне де әсер етеді, сондықтан жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget