• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Мерекеде ауа райы қандай болады?

Мерекеде ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 8, 9, 10 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көктем келгеніне қарамастан солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді. Сондықтан солтүстікте қар жауып, боран соғып, елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Сондай-ақ, бүкіл республика бойынша жел күшейеді.

"9 наурызда батыстан антициклон ығыса бастайды, нәтижесінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. 10 наурызда солтүстік аймақтарда түнгі уақытта 12-20 градус аяз күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget