Мереке ме, мейрам ба? Massaget.kz "Қай нұсқа дұрыс?" айдары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, PhD ғылым докторы Жанат Асылханқызынан дұрыс нұсқаны сұрады.
Маманның сөзінше, бұл екі сөз синоним болғанымен, әрқайсының қолданылу жөні бөлек.
"Мереке дегеніміз - мемлекеттік, ресми түрде бекітілген салтанатты оқиғалар. Ал мейрам - жалпыхалықтық сипаттағы қалыптасқан әрі дәстүрге айналған салтанат, той-думан. Мысал: Халықаралық әйелдер мерекесі, Тілдер мерекесі, Балалар күні мерекесі; Наурыз мейрамы, Құрбан айт мейрамы", - деді филолог.
Іс-шара, шара: қай нұсқа дұрыс?
Бару керекпін, баруым керек: қай нұсқа дұрыс?
Биылғы жыл, биыл, ағымдағы жыл: қай нұсқа дұрыс?
Өкінішке орай, өкінішке қарай: қай нұсқа дұрыс?
Бірге ме, бөлек пе: қай нұсқа дұрыс?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!