Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа жыл мерекесіне байланысты 1-2 қаңтарда, сондай-ақ, 7 қаңтарда Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.
3 қаңтар, яғни сенбі - кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
"5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!