Қазгидромет 9, 10, 11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, ал 10-11 мамырда шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады. Түнгі, таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы:
- батыста +13…+28 градус,
- солтүстік-батыста +10…+18 градус,
- солтүстікте +5…+13 градус,
- орталықта және шығыста +8…+18 градус,
- оңтүстікте +17…+26 градус,
- оңтүстік-шығыста +15…+22 градус,
- таулы аудандарда +8…+13 градус болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова