- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мереке күндері ауа...
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы жоғарылап, жаңбыр жауады. Атмосфералық фронтальды бөліктер өтіп, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде де жаңбыр мен қар жауады.
"9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі", - деп жазылған мәліметте.
Күндізгі уақытта термометр бағаны республиканың батыс облыстарында 0-8 градус аязды көрсетеді, солтүстік облыстарда 4 градус аяз, 1 градус жылы, оңтүстік облыстарда 10-20 градус жылы болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова