Мереке Көшекбаев Құрлық әскерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды

Мереке Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 2024 жылғы қарашада Құрлық әскерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған еді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!